Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да «Ashyq» жобасын іске асыру тақырыбында өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.
«Ashyq» мобильді қосымшасы үнемі жаңартылып отырады. Мысалы, 28 сәуірде андроидта қосымшаның жаңа нұсқасы іске қосылып, резидент емес тұлғалардың тіркелуіне мүмкіндік жасалды, - деді вице-министр.Сондай-ақ қазіргі уақытта қосымшаны Мобильді азаматтар базасымен және Вакцинация паспорты сервисімен интеграциялау жұмыстары қолға алынды.
Тұрысовтың сөзінше, қолданушының мәртебесін ashyq.kz веб-ресурсынан тексеруге болады. Қазір осы парақшаны деректермен толтыру, «Ashyq» қосымшасының сипаттамасы туралы бөлімдер жасау, жиі қойылатын сұрақтарға жауап беру, техникалық қолдау бөлімінің байланыс телефондарын енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Ashyq» – бұл ел ішінде COVID-19 вирусын жұқтыру және таралу үрдісіне барынша тосқауыл болып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, карантиндік шектеулер кезінде бизнестің дамуына мүмкіндік беретін жоба. Бұл мобильдік қосымша «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық операторы - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның серверлерінде қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген, - деп ЦДИАӨМ өкілі брифингте түсіндірді.Сондай-ақ ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңына сәйкес ақпараттық жүйе 1 жыл бойы тәжірибелік қолданыста болуы тиіс, сосын ақпараттық қауіпсіздік сынағынан өтіп, күнделікті кең қолданысқа енгізіледі. Яғни қазіргі таңда «Ashyq» қосымшасы тәжірибелік қолданыста, пилоттық тәртіпте жүзеге асып жатыр.
«Ashyq» туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында қосымшаны қолданушылар үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығының «бірінші» желісінде техникалық қолдау ұйымдастырылған, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП бизнес өкілдері 1432 call-орталығына хабарласа алады. Оның үстіне Telegram мессенджерінде жобаға қатысып жатқан кәсіпкерлер үшін @support_ashyq_bot техникалық қолдау қызметі жұмыс істейді. «Ashyq» жобасына қатысушылардың тізімін әкімдіктердің және «Атамекен» АКП сайттарынан көруге болады.