Асқар Мамин Премьер-министр болып тағайындалды

25 Ақпан 2019, 12:52
7600
Бөлісу:
Асқар Мамин Премьер-министр болып тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысуда. Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі парақшасында хабарланды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысуда. Бұған дейін белгілі болғандай, Елбасы Премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды.

Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген.     

Білімі: 1987 жылы Целиноград инженер құрылысы институтын, 

2003 жылы Г.Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша бітірген. 

1987-1988 жылдары - «Целинтияжқұрылыс» трестінің ассистенті;

1988-1991 жылдары - Целиноград облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасында жұмыс істеді;

1991-1993 жылдары - Қазақстанның инновациялық кәсіпорындар одағының бас директорының орынбасары;

1993-1996 жылдары - «Интер-Ишим» БК-нің бас директоры;

1996-2000 жылдары - Ақмола қаласы әкімінің бірінші орынбасары (Астана қаласы);

1998-2000 жылдары - Ақмола ЕЭА Әкімшілік кеңесінің төраға орынбасары;

2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі;

2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы;

2002-2003 жылдары - «Инком-Астана» ЖШС бас директоры;

2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда бірінші вице-министрі;

2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;

2006-2008 жылдары - Астана қаласының әкімі;

2008 жылдың сәуір айынан бастап 2016 жылдың қыркүйек айына дейін - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті;

2016 жылдың қыркүйегінен - ​​Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

2019 жылғы 21 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің міндетін атқарушы.

2019 жылғы 25 ақпанынан бастап Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы