Бас жаңалықтар
#АрысБізБіргеміз. Тоқаев бір күндік жалақысын аударды
25 Маусым 2019, 14:35 1070

#АрысБізБіргеміз. Тоқаев бір күндік жалақысын аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарына көмек қорына бір күндік жалақысын аударды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөзхатшысы Берік Уәли twitter-дегі парақшасында жазды.

"Арыстағы төтенше жағдай барлық қазқстандықтарды біріктірді. Ешкім қарап қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккендерге көмек көрсету қорына бір күндік жалақысын аударды", - деп жазды баспасөз хатшысы.

Ол атап өткендей, Президент әкімшілігінің қызметкерлері бұл бастаманы қолдады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық