Арыс маңында 10 сапер жарақаттанды

22 Қыркүйек 2019, 09:20
2933
Бөлісу:
Арыс маңында 10 сапер жарақаттанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында жоспарлы жару жұмыстары барысында 10 сапер-әскери қызметші жарақат алған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"21  қыркүйекте төтенше жағдай салдарын жою жəне арнайы жабдықталған полигонның аумағында (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) жоспарлы жару жұмыстары барысында оқ-дəрі фрагментінің өздігінен жарылды. Салдарынан келісімшарт бойынша арнайы дайындалған 10 сапер-әскери қызметші жарқыншақ жарақатын алды. Аталған әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылды. Оларға қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы