Арыс қаласындағы 17 сектор облыс әкімінің жіті бақылауына алынды

27 Маусым 2019, 15:23
2125
Бөлісу:
Арыс қаласындағы 17 сектор облыс әкімінің жіті бақылауына алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті назарында. Өңір басшысы шаһар шартты түрде 17 секторға бөлінетіндігін мәлімдеді деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Яғни, әрбір секторға 17 аудан-қала әкімі бекітілді. Олардың әрқайсысының жанында 40 жауапты қызметкерден болады. Сол жауаптылар аптаның соңында тұрғындар қалаға кіргенде үйлеріне орналастырады. Сонымен қатар, әрбір баспананың зақымдануын фото-видеоға түсіріп, актілер жасаумен айналысады.

«17 сектор 17 облыс әкімдігіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөліп берілді. Әрбір облыстан 10 бригададан, жалпы саны 1500-ден астам құрылысшы келіп, жөндеуді бастайды. Облыстың өкілдері келіп, бекітілген секторларды аралап, тиісті жұмысқа кірісті», – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы.

Ал қорғаныс саласының мамандарына берілген міндет бойынша қаланы сенбіге дейін жарылғыш оқ-дәрілерден толықтай тазартып шығу керек.

 

Өзгелердің жаңалығы