Арыс оқиғасы. 16 кінәлі анықталды

15 Маусым 2020, 22:45
1992
Бөлісу:
Арыс оқиғасы. 16 кінәлі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы жарылыстарға қатысты істе 16 адамға айып тағылды. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Олар: Нұр-Сұлтан қаласында қызмет атқарған еліміздің Қорғаныс министрлігінің сегіз әскери қызметшісі; Түркістан облысы Арыс қаласы мен Шымкент қаласында орналасқан жеті әскери қызметші; және Шымкенттегі бір азаматтық тұлға - делінген хабарламада. 

Биыл мамырдың басында айыпталушылардың негізгі бөлігі жоғары лауазымды офицерлер екені анықталған. Сондай-ақ, жарылысқа дейін оқдәрі қоймаларындағы өрескел ереже бұзушылық туралы жергілікті және елордалық офицерлердің білетіндігі белгілі болды. 

Арыстағы жарылыстың алдын алу үшін Қорғаныс министрлігі 650 млн теңгеден астам қаржы бөлген.

Өзгелердің жаңалығы