Бас жаңалықтар
Арнайы жиынға әскери дайындығы бар азаматтарды ғана  шақырамыз – полковник
06 Сәуiр 2020, 18:05 245

Арнайы жиынға әскери дайындығы бар азаматтарды ғана шақырамыз – полковник

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Арнайы жиынға шақырылатын еріктілер әскери қызметке жарамды болу керек. Бұл туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Амантай Өсербаев брифинг барысында айтты.Брифинг барысында ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскерге міндеттілерді арнайы жиынға шақыру бұйрығына сай Алматыда дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Әскери міндеттілерге қойылатын талаптар ҚР Әскери қызмет және әскери қызметшілер заңында бекітілген. Осы заңға сәйкес запастағы әскери міндеттілер шақырылады. Оның ішінде запастағы офицерлер - 60 жасқа дейін, ал жауынгер, сержант құрамындағы әскери міндеттілер – 50 жасқа дейін болу керек, - деді ол.

Оның айтуынша, арнайы жиынға шақырылған азаматтардың жұмыс орны және лауазымы сақталады. Жұмыс істейтіндерге орташа жалақысы төленеді, егер жұмыссыз болса оларға ең төменгі  жалақы көрсеткішінде еңбекақы беріледі. 
Бүгінгі күні осы  жарлыққа байланысты жергілікті әскери басқару органдарына еріктілерден көптеген ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Қазір телефон арқылы деректерін жинап, зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Олардың арасында офицерлер және жауынгер сержанттар да бар. Бұларға қойылатын талаптар да әртүрлі. Басты талап еріктілердің денсаулығына байланысты. Біріншіден, әскери қызметке жарамды болу керек, - деді департамент басшысы.  

Жоспар бойынша Алматы қаласында 200-дей адамды жиынға шақырылмақ екен. Мерзімі бір ай. Қазір осы жұмыстарды атқару үшін Алматы қаласы әкімінің өкімі дайындалып жатыр, сол дайын болған кезде адамдардың нақты саны мен мерзімі белгілі болмақ. 
Арнайы жиынға шақырылған азаматтар өз үйінде тұрады. Таңертең жұмысқа барған сияқты келіп отырады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан түскі және кешкі ас беріледі.  Әскери киіммен де толық қамтылады, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...