Арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілерге қанша төленеді

3 Сәуір 2020, 12:23
5531
Бөлісу:
Арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілерге қанша төленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев президенттің арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілердің айлығы сақталатынын айтты.

Арнайы жиындар кезінде әскери міндеттілер әскери қызметкердің мәртебесіне ие болады. Сондықтан заң бойынша оларға барлық әлеуметтік жеңілдік қарастырылған. Атап айтсақ, тамақ, киім-кешек пен медициналық қызмет бар. Сонымен қатар жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталады. Мемлекет есебінен жұмыс орнындағы айлығы төленсе, жұмыс істемейтін азаматтарға ең төменгі айлық көлеміндегі 42 500 теңге беріледі. Мысалы, арнаулы жиынға шақырылғанға дейін әскери қызметшінің айлығы 200 мың теңге болса, жиынның әр айында ол осы соманы алып отырады, - деді Нұрлан Ермекбаев.

Министр арнайы жиындар мен мобилизацияны шатастырмау қажет екенін айтты. 
Мобилизация кезінде барлығы әскери режимге көшеді. Ал арнайы жиындар жыл сайын өткізіледі және оның шектеулі мерзімі бар, - дейді ол.
Нұрлан Ермекбаев әскерге шақырылғандар басқа өңірге жіберілмейтінін, олар әскери борышын тұрғылықты мекен-жайы бойынша өтейтінін де айтты.
Адамдар көп жиналмас үшін арнайы механизм әзірленді. Өйткені олардың басым бөлігі үйдегі карантинде болды. Сондай-ақ әскерге шақырылардың алында олар медициналық тексерістен өтеді, - дейді министр.



Өзгелердің жаңалығы