Алматы, BAQ.KZ. Армения премьер-министрі Никол Пашинян уақытынанн бұрын парламент сайлауын өткізу үшін отставкаға кететінін мәлімдеді.
Ел үкіметі де отставкаға кетті. Дегенмен Пашинян сайлауға дейін премьер ретінде толықтай қызмет ете бермек. Сайлау осы жылдың 20-шы маусымына жоспарланған.
Сайлау кезінде Пашинян "Гражданский договор" партиясы атынан үкімет төрағасы лауазымына үміткер болады.
Армения заңына сәйкес, кезектен тыс сайлау парламент таратылған соң 45 күн өтпей тұрып өткізілуі керек.