Бас жаңалықтар
Армения жаңа соғысқа дайындалып жатыр – Әзербайжан президенті
20 Қыркүйек 2020, 16:36 1331

Армения жаңа соғысқа дайындалып жатыр – Әзербайжан президенті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армения қарулы күштерінің Қарабақ қақтығыс аймағындағы шекара сызығының жанында шоғырланғанын хабарлады. Ол мұны Ереван тарапынан соғысқа дайындық деп санайды.

Оның сөзіне қарағанда, Армения премьер-министрі Никол Пашинян Қарабақ қақтығысын ушықтыру үшін әртүрлі арандатушылықтарды әдейі жасайды.

Армения заңсыз қоныстандыруды жүзеге асыруда (Таулы Қарабақта). Бұл барлық халықаралық конвенцияға қайшы келеді. Әсіресе, Женева конвенциясына мүлдем қайшы, бұл қылмыс. Адамдарды бір жерден әкеліп, басып алынған жерлерге орналастыру - қылмыс. Пашинян режимі мұны әдейі істеп отыр. Әдейі арандатушылық екені белгілі, - деді Әлиев.

Әзербайжан басшысы Армения-Әзербайжан шекарасындағы 2020 жылғы шілдедегі қақтығыстар да Ереванның арандатуының салдары екенін баса айтты.

 Бұл әскери арандатушылық, оны Арменияның бастағаны жасырын емес. Минск тобына тең төрағалық етуші елдердің бірінің жоғары лауазымды адамы бұл туралы ашық айтты. Мен сол кезде де айттым, бүгін де қайталап өтемін: бізде Армения аумағында әскери мақсат жоқ, егер Армения аумағына баруды қаласақ, бұл үшін бізде барлық әскери мүмкіндік болды. Бірақ мұндайға бармадық, өйткені бұл біздің әскери-саяси тұжырымдамамызда жоқ. Егер бізге қарсы арандатушылық жасалмаса, тыныш отырамыз. Ал арандатушылық болса, онда қарап отыра алмаймыз. Мұны бәрі біліп жүрсін. Армения халықаралық құқықты елемейтін болса, онда біз оны неге сақтауымыз керек. Бізде де оны елемейміз, бірақ мұның бәрі олар үшін жаман аяқталады, - деді ол.

Әлиев Арменияның шілде айындағы арандатуының себептерінің бірі олардың Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымындағы (ҰҚШҰ) одақтастарының реакциясы қандай болатынын тексеру болды деп санайды.

Себебі олар тағы бір үлкен соғысқа дайындалып жатыр. Бізде жедел барлау бар. Біз айналамызда не болып жатқанын білеміз, - деді Әзербайжан президенті.

Айта кетейік, 12 шілдеде Армения-Әзербайжан қақтығысы қайта өршіген болатын. Ереван мен Баку бір-бірін Таулы Қарабақтың даулы аймағының солтүстігінде орналасқан ортақ шекара бөлігінде атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады. Әзербайжан қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Әзербайжан-Армения шекарасындағы Товуз аймағындағы армян қарулы күштері Әзербайжан позицияларын артиллериялық оққа ұшыратқан. Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскери қызметшілері УАЗ көлігімен шекараны бұзып, артиллериялық оқ жаудырып, әскери бөлімше орналасқан бөлімшені басып алмақ болғанын хабарлады.


Фото: дереккөз
Загрузка...