Қарағандыда әскерилердің көмегімен көшелерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

26 Наурыз 2020, 16:57
1614
Бөлісу:
Қарағандыда әскерилердің көмегімен көшелерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді
PHOTO

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері күн сайын қала көшелерінде, ғимараттар мен нысандарды санитарлы-дезинфекциялау жұмыстарын жүргізетін болады.

Санитарлық шаралар қаланың адам көп жүретін жерлерінен қамтитын болады. Бүгін әскерилер теміржол вокзалы мен автовокзал маңын дезинфекциялады.

IMG-20200326-WA0051.jpg

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты қарулы күштерді профилактикалық-дезинфекциялық жұмыстарға тарту жөнінде шешім шығарылған болатын. Ол үшін әскери құрылымдар, радиациялық, химиялық және биологиялық қауіпсіздік бөлімдерінің сарбаздары тартылды. Әскерилер күнделікті ондаған нысандарды дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді. Олардың басты мақсаты – коронавирустың таралуына жол бермеу және қазақстандықтардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, - дейді "Астана" Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары Қанат Даиров.
IMG-20200326-WA0054.jpg

Дезинфекциялау шарасына жүзден аса әскери қызметші қатысты. Әскерилер теміржол және автовокзал аумағы зарарсыздандырды. Олар аумақты дезинфекциялауға арналған арнайы құралдармен, яғни қорғаныс киімімен, ішінде дезинфекциялауға арналған сұйықтығы бар арқаға асатын арнайы сөмкемен жабдықталған.

Аталмыш дезинфекциялық өңдеулер қалалық сызбада бөлінген секторлар бойынша жүргізіледі, адамдар көп жиналатын орындар мен коронавирустық инфекцияның таралу қаупі жоғары аймақтар зарарсыздандырылады. Бұл сұйықтық тек микробтарды өлтіреді. Оның адамдарға және жануарларға ешқандай залалы жоқ. Ол бес сағатқа дейін әрекет етеді. Карантин аясында өткізілетін барлық іс-шараларға тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұраймыз,- дейді Қанат Даиров.
IMG-20200326-WA0053.jpg

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аймақтағы 9000-нан астам нысанда санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді. Қазіргі уақытта өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекциясы анықталған 2 сырқаттың жағдайы қалыпты. Тәулік бойғы карантинде 314, үй жағдайындағы оқшауландыруға 152 адам жатқызылған.

Өзгелердің жаңалығы