Ішімдік ішкен Үндістан азаматын Алматы-Шымкент рейсінен түсіріп тастады

11 Қыркүйек 2019, 15:51
2072
Бөлісу:
Ішімдік ішкен Үндістан азаматын Алматы-Шымкент рейсінен түсіріп тастады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әуежайындағы полиция бөлімшесіне "Эйр Астана" әуекомпаниясының өкілі телефон шалып, "Алматы-Шымкент" бағытындағы әуе кемесінде ер адамның тәртіп бұзып жатқанын хабарлаған.

Көліктік полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, 43 жастағы Үндістан Республикасының азаматы араққа сылқия тойып алып, елдің мазасын алған. 

«Масаң күйдегі ер адам өзін агрессивті ұстап, жолаушылардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Мән-жайды анықтау үшін бұзақы акті бойынша әуе рейсінен түсірілді», - дейді полициядағылар.

Медициналық сараптама қорытындысына сай ол орташа деңгейде мас болған.

Сондай-ақ, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған, яғни ҚР ӘҚБ 440-бабы бойынша Қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішу немесе мас күйінде болғаны үшін 12 625 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

Жыл басынан бері көліктік полиция 38 590 адамды әкімшілік жауапқа тартқан, оның ішінде қоғамдық орында мас күйінде немесе алкогольдік ішімдік ішкендер саны 4 669 адам.

Өзгелердің жаңалығы