Ақтөбеде халықаралық бағыттағы жолаушылар автобусынан жарылғыш зат табылды

19 Қыркүйек 2019, 10:36
1913
Бөлісу:
Ақтөбеде халықаралық бағыттағы жолаушылар автобусынан жарылғыш зат табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбелік шекарашылар халықаралық бағыттағы жолаушылар автобусынан жарылғыш зат тапты. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң-авто» бөлімшесінде шекара наряды өткен түнде «Орынбор – Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар автобусын тексеру барысында қызметтік иттің және техникалық құралдардың көмегімен артқы орындықтардың астынан 1 дана граната тауып алды. Оқиға орнына жедел түрде Мәртөк аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің саперлері шақырылып, жарылғыш зат қауіпсіздендірілді», - делінген хабарламада.

Шекарашылар қауіпті заттың иесін анықтап, ұстады. Ол осы автобуспен келе жатқан, 1984 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы екен. Ұсталған азаматтың қалта телефонында автобустан табылған гранатаның фотосуреті бар болып шықты.

Өзгелердің жаңалығы