Ақсу қаласында ер адам өзін өртеп жіберді

4 Сәуір 2019, 10:11
2289
Бөлісу:
Ақсу қаласында ер адам өзін өртеп жіберді

Алматы, BAQ.KZ. Павлодар облысының Ақсу қаласында ер адам өзін өртеп жіберді, тағы 13 адам жарақат алды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.

Өртке оранған ер адам сол жерде мерт болды, төрт адам реанимацияға түскен, тағы бес бала мен төрт адам ыстан уланып ауруханаға жеткізілген.

«3 сәуір күні сағат 20:51 кезінде Ақсуда Б. Момышұлы көшесі бойында жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны жөнінде хабар жетті. Сонда болған куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған адамның әйелі туған күнін атап өтіп жатыпты. Қонақтар үстелге отырғанда 50 жастағы үйдің қожайыны шығып кетіп, бензин құйылған 5 литрлі канистрмен оралған. Ол бөлмеден балаларды шығаруды өтінген. Әйелі өтінішін орындаған соң ол өзін өртеген. Оны тоқтатпақ болған достарын күйік шалып, Ақсудың орталық ауруханасына жеткізілді. Нәтижесінде ер адам сол жерде көз жұмды, тағы 13 адам зардап шекті», - деді жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Өрт аумағы 30 шаршы метрді құраған. Үшбөлмелі үйдегі асүй, жиһаздар, тұрмыстық техникалар түгелдей жанып кеткен. Әсіресе төбе жабыны қираған.

Өзгелердің жаңалығы