Анталияда орман өртін сөндіре алмай жатыр

31 Шілде 2021, 01:42
2353
Бөлісу:
Анталияда орман өртін сөндіре алмай жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Анталия провинциясында орман әлі өртеніп жатыр, деп хабарлайды aikyn.kz.

Өртті сөндіруге жүздеген маман, тікұшақ пен ұшақтар жұмылдырылған.

Орман және ауыл шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирлидің мәлімдеуінше, осы аптада елдің оңтүстік бөлігінде 30-дан астам өрт ошағы тіркелген. Қазірге дейін Анталия аймағындағы 18 және оған көрші Адана мен Мерсин провинциясында 16 ауылдың халқы қауіпсіз жерге көшірілген. Манавгат қаласы ауруханасындағы науқастар да басқа орынға ауыстырылды.

Өрт сәрсенбі күні Түркияның курорттық Анталия провинциясында басталды. Жалын Манавгат қаласына жетті. Табиғат апатынан 4 адам қаза тапты. 200-ге жуық тұрғын жарақат алды.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.


Өзгелердің жаңалығы