«Анашым, сеніміңізді ақтай алмадым». Оқушы емтиханнан кейін өз-өзіне қол жұмсады

9 Маусым 2021, 12:38
4767
Бөлісу:
«Анашым, сеніміңізді ақтай алмадым». Оқушы емтиханнан кейін өз-өзіне қол жұмсады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады.

Otyrar.kz мәліметтері бойынша қыздың ата-анасы «Анашым, мен сіздің сеніміңізді ақтай алмадым» деген хатты тауып алған.

Тоғызыншы сыныпта оқыған Эльвира Мықтыбек мектебінің мақтанышы, әрі үздік оқушысы болды.

Қыздың анасының сөзінше, мектеп директоры оның балын төмендететінін айтқан.

Ол сарайда асылып тұр екен. Жасанды тыныс алу тәсілдерін жасап көрдім. Бірақ өте кеш болды. Емтихан кезінде ол директордан бір жарым-екі метр қашықтықта отырып, ештеңе көшірмеген. Оның мінезі сондай болатын. Бірақ менің ойымша, оған қысым көрсетіп, кемсіткен, - деді марқұмның анасы Айман Дәулет.

Әйелдің айтуынша, мектептегілер оны өз-өзіне қол жұмсауға дейінгі жағдайға жеткізген. Қайғылы жағдайға тап болған отбасы балаларын ешқашан жақсы оқы деп мәжбүрлемегендерін айтады.

Ал мектеп директоры марқұмның үздік оқушы болғанын білмегенін, оған қысым көрсетпегенін айтып сендірді.

Мен төраға ретінде отырдым. Ешқандай қысым көрсетпедім, - деді Айсара Стаева.

Айта кетейік, қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы