Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев ана мен баланы қорғау мәселесіне қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.Сонымен қатар, президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы қылмыстық жолмен алынған кірісге байланысты заңға қол қойған болатын.