Амандық Баталов коронавируске байланысты оқшауланды

22 Маусым 2020, 10:17
1775
Бөлісу:
Амандық Баталов коронавируске байланысты оқшауланды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтыруына байланысты оқшауланды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкел Facebook-гі парақшасына жазды.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оқшауланды. Себебі, соңғы зертханалық сынама облыс басшысының бойында COVID-19 белгілерін анықтады. Ауру белгісіз өтуге. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшауланып ем қабылдап, жұмысын жалғастырады, - деп жазды Ғ. Жүкел.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан вирус анықталғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы