Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балалардың балабақшаға бару кестесі қайта қаралады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дәстүрлі Тамыз конференциясында мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
Министр балалардың балабақшаға бару кестесін қайта қарау қажет екенін айта кетті.
«6 жастағы балаларды балабақшадан мамыр айынан бастап шығару тәжірибесін тоқтату керек деп санаймыз. Балалардың балабақшаға бару уақытын тамыз айына дейін ұзартып, соңғы айларда, мысалы 5 жасар және мектепалды даярлық топтарын мектепке дайындау үшін пайдалану керек. Бұл тарапта арнайы бағдаламаны дайындаймыз», - деді ведомство басшысы.