Бас жаңалықтар
Алматылық иммунолог күз-қыс кезінде қандай ережені ұстану керектігін айтты
21 Қыркүйек 2020, 13:28 129

Алматылық иммунолог күз-қыс кезінде қандай ережені ұстану керектігін айтты

Алматы, BAQ.KZ. Медицина ғылымының кандидаты, доцент,  үздіксіз  білім  берудің  Қазақстандық медициналық университетінің  фундаменталды ғылымдар: микробиология, вирусология және жалпы иммунология, гигиена және эпидемиология кафедрасының профессоры Раушан Тьесова-Бердалина Алматының өңірлік коммуникациялар қызметіне берген эксклюзивті сұхбатында әлемдегі коронавирус инфекциясының басқа аурулармен қабаттасуы мүмкін екендігін айтып, алматылықтарға кеңес берді.

Барлық респираторлық аурулар сияқты SARS-Cov-2 вирусы адамдар популяциясында бар және оның  басқа  тыныс  алу  жолдарының инфекциясын тудыратын ЖРВИ және ЖРА маусымында бактериялар және вирустармен бірге айналып жүруі мүмкін. Және ол әдеттегі (қалыптасқан) микрофлорамен қатар - тұмаумен, парагриппен, қызылшамен, желшешекпен, және басқа ЖРВИ вирустарымен және бактериялармен - менингокк, пневмококк, стафилококк және стрептококк, дифтерия және тб тұрғындар арасында созылмалы инфекция ошақтары өте көп. Әрине, микст инфекциялардың өтуі қиынырақ,- дейді профессор.

Алдын алу шараларына қатысты профессор иммунитетті қалыпты жұмыс жағдайында қолдауды және өзін емдеумен айналыспаудың маңыздылығын атап өтті.

Иммунитет бәрінде бар және оны көтеру - бұл дұрыс айтылып жүрген термин емес. Иммундік стимуляция, модуляция, антибиотикалық терапия – емнің  барлық осы түрлері лабораториялық диагностикалау және дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс. Өзін өзі емдеу арқылы ауырғаннан да көп қиындық тудыруға болады. Әсіресе ол денсаулыққа байланысты көптеген қиындықтарға әкелуі мүмкін. Дәрілермен,  соның  ішінде  дәрумендермен ауруды емдеу  керек. Өз ағзаңызды  дәрілермен  толтырып, осы  препараттарға микробтардың орнықтылығын қалыптастыру үшін жағдай жасаудың қажеті  жоқ.  Дисбиоз жағдайы  - егер  сізде  ауру  болмаса  - бұл  ауру  кезінде  емді төмендетуі  мүмкін  - сосын  кейін ауырған  кезде бұл препараттардың әсері  болмайды,  - деп атап  өтті  ол. 

Сонымен бірге, Раушан Тьесова-Бердалина жұқтырудан сақтануда жеке қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында масканы дұрыс тағуға кеңес береді. 

Маска толықтай ауыз бен мұрынды жауып тұруы керек. Ылғалды және дымқыл масканы жаңасына ауыстырып, оны жаңасына, құрғағына ауыстыру керек және бірреттік масканы қайталап қолдануға болмайды. Егер сіз адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, сонымен бірге науқасқа қарау кезінде таққан жөн. Масканы шешер кезде, оның беткі жағына қол тигізбеуге тырысыңыз. Қолыңызды сабынмен және спирттік құралмен мұқият жуыңыз, -деп бөліскен ол алматылықтарды мамандардың ұсыныстарын ескеруге шақырды.

Келіп жеткен күз-қыс маусымында алдын алу шараларын - бұл жеке гигиенаны, әлеуметтік қашықтықты сақтау, ең бастысы - маусымға қарай киініп, мүмкіндігінше  суық  тигізбей, жүйелі және сапалы тамақтану.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...