Бас жаңалықтар
Сағынтаев: Алматылықтар газға қосылу үшін пайызсыз несие ала алады
19 Ақпан 2020, 12:14 559

Сағынтаев: Алматылықтар газға қосылу үшін пайызсыз несие ала алады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде газдандыру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады. 

Сондай-ақ, бірқатар аудандардағы тұрғындардың үйлерін газбен қамту туралы сұрақтарына жауап берді.

Жиын барысында ол Түркісіб ауданында өткен кездесуде тұрғындардың газ құбырының жоқтығына шағымданғанын атап өтті. Алатау ауданы бойынша магистральді желілер жоқ. Ал магистральді желілерді жүргізу аяқталса, бұру желілерінің жоқтығын айтып, осылайша газға қосылу мүмкіндігінің жоқтығын айтты.

Газдандыру үрдісі экология және ауа тазалығы үшін де маңызды. Сондықтан қала әкімдігі жұмыстың осы бағытына қарқын беруде. 2019 жылдың екінші жартыжылдығында 3000-нан астам жеке үй газдандырылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарын газ желілеріне қосу – қала үшін ерекше мәселе. Алатау және Наурызбай аудандарындағы 210 үйдің 62 үйін газ жүйесіне қосу жұмысы қалды. Екі ауданда да мердігер компаниялармен келісімшарт жасалды. Жұмыстарды 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқтау жоспарланған, - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, қала әкімдігі Халық банкімен бірлесіп, мегаполис тұрғындарының газбен жылыту және үйішілік жабдықтарға қосылу үшін 0%-бен несие беру мүмкіндігі туралы келісімге қол жеткізгенін және қазір несие беру мерзімі қарастырылып жатқанын айтты.

Халық банкінің аз қамтылған азаматтарды газға және газбен жылыту үшін үйішілік жабдықтарға өтеусіз негізде субсидиялауы мәселесі қарастырылды. Пайызсыз несие адамдарға газға қосылуға қаражат алуға мүмкіндік береді. Өсімпұлсыз несиені 1 жылға рәсімдеуге болады, - деді ол.

Әкімнің айтуынша, қазір қала бойынша жеке сектордағы 2912 үй газдандырылмаған күйінде қалып отыр. Оның ішінде 1791 үй желіге қол жеткізе алса, 1121 үйдің қосылу мүмкіндігі жоқ. Қазір жеткізушілермен бірге қалған 1121 үйге сыртқы желілерді жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...