Алматыда жол үстінде от жағып, кәуап пісіргендердің видеосы тарады

30 Наурыз 2020, 13:23
2479
Бөлісу:
Алматыда жол үстінде от жағып, кәуап пісіргендердің видеосы тарады

Алматы, BAQ.KZ. Куәгерлер әл-Фараби даңғылында кәуап пісіріп жатқандарды видеоға түсіріп алған.

Аталған бейне жазба instagram-дағы kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды.

Бейне жазбадан 3-4 адамның жол үстінде от жағып, кәуап пісір жатқанын көруге болады. Алайда куәгер полицияға хабар бермеген көрінеді.
Бұл дерек бойынша 102 нөміріне ешқандай хабар келіп түскен жоқ. Дегенмен біз тексеріс жұмыстарын бастап кеттік. Бұл азаматтарды міндетті түрде тауып, жауапқа тартамыз, - дейді Алматы ПД-нің баспасөз қызметі.
Өзгелердің жаңалығы