Алматыда жеке үйде газ жарылды

30 Шілде 2020, 12:57
1281
Бөлісу:
Алматыда жеке үйде газ жарылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда жеке үйде газ жарылып, үйінді астынан әйел адам құтқарылды. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД хабарлады.

Биыл 29 шілдеде 19 сағат 12 минутта өрт сөндіру қызметкерлері Жетісу ауданы  Волочаевская көшесі, 237 мекен жайында болған жарылыс туралы шақыртуға жіберілді. Өрт сөндірушілер 4 минутта келіп, бір қабатты жеке тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан тұрғын үй толықтай қирағанын және көрші орналасқан үйлердің шатырлары жартылай зақымданғанын анықтады, - делінген хабарламада. 

Тез арада іздестіру-құтқару жұмыстары мен конструкцияны бөлшектеу жұмыстары ұйымдастырылған. 

Барлау барысында құрылымдардың құлау қаупіне қарамастан, өрт сөндірушілер 49 жастағы әйел адамды тауып алды. ЖМҚ бригадасымен денесінің термикалық күйік алып, 4 ҚКА жеткізілді. 21 сағат 13 минутта іздестіру жұмыстары аяқталды, үйіндінің астынан ешкім табылған жоқ. Оқиға орнына: 1 кинолог, 8 құтқарушы, Алматы қаласы әкімдігі 109 құтқару қызметінің  2 техникасы,  ТЖД-нен 17 өрт сөндіруші, 4 техника, сондай-ақ, өзара әрекет ету қызметтері жұмылдырылды, -делінген хабарламада. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 1970 жылы туған азаматша Ф. бұл үйде жалғыз өзі тұрған. Жарылыстың себебі, газ конфоркасының ашық қалуынан болуы мүмкін. Оқиға орнында газ қызметі жұмыстар атқаруда. Құрылымдық ерекшеліктері, қабырғалары - кірпіштен, жартылай шлакоблоктан, шатыры – ағаштан өріліп салынған металл.

Өзгелердің жаңалығы