Алматыда жас педиатр дәрігерлер жүзден астам ғылыми жоба ұсынды

1 Наурыз 2019, 12:02
2169
Бөлісу:
Алматыда жас педиатр дәрігерлер жүзден астам ғылыми жоба ұсынды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «Жастар жылы» аясында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі» атты конференция өтіп жатыр. 


Халықаралық деңгейдегі бұл конференцияда балалар ауруларын емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері,  балаларға медициналық көмек беруді ұйымдастырудың аспектілері,  сирек ауруларды емдеу мен диагностикалауы жетілдіру, түрлі хирургиялық және соматикалық патологиялары бар балаларды оңалту мәселелері талқыланып,  ғылыми жобалар ұсынылуда.

Аталған орталығының басшысы Риза Боранбаева мұндай шаралар жас дәрігерлердің ғылыммен  белсенді айналысып, өз жобаларын ұсынуына жағдай жасайды дейді.

“Биыл Елбасының бастамасымен Жастар жылы деп таңдалғаны тегін емес. Жастардың тың иделялары бізге әрқашанда қажет. Орталығымызда жастардың ғылыммен айналысуына бар жағдай жасалған, яғни заманауи жабдықтамен қамтамасыз етілген зертханалар жұмыс істеп тұр. Жас дәрігерлер өз біліктілігін жетілдіре отырып, ғылыми жобалармен де айналыса алады”,- дейді ол.

Сондай-ақ ол, биылғы ғылыми шараға тек  магистр, докторнттар ғана емес медицина университетінің студенттері де өз ғылыми жобаларымен қатысып отырғанын айтты.

“Жастардың ғылыммен айналысуға деген қызығушылығы жоғары екенін  көріп отырмыз. Конференцияға көрші Қырғызсан, Өзбекстан, Ресей елдерінен келген жас дәрігерлер қатысуда”, - деді Р.Боранбаева.

“Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті” АҚ-ның ректоры Жұмағали Исмайлов бүгінгі шарада жас ғалымдар тарапынан жүзден аса ғылыми жоба келіп түскенін айтты.

“Мұндағы негізгі бағыт балалар педиатриясы мен хирургиясы. Бұл дамуды қажет ететін ерекше бағыт. Нәрестеледің өлім-жітім деңгейін анықтау және бұл болашақтағы адами ресурстарды қалыптастырудағы негізгі әлеует болып табылады. Балалар онкологиясы, әртүрлі диагностикамен емдеу тәсілдеріне қолжетімділік,  оның сапасы,  қандай асқынулары бар,  міне осы мәселе бойынша жас ғалымдар өздерінің ғылыми ойлары мен жобаларын ұсынуда”, - дейді ректор.
Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы