Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне қарастырылған үстемеақыға қатысты түсінік берді.
Инфекциялық, провизорлық госпиталде коронавирус жұқтырғандармен жұмыс істеп жатқандар 2 млн теңге көлемінде үстемеақы алады деп жарлықта көрсетілген. Менің ойымша медицина қызметкерлерінің бәрі өздерінің кәсіби борышын өтеу барысында инфекция жұқтырып отыр, сондықтан комиссияның шешімімен үстемеақы алулары керек,-деді Әбілдаев.
Айта кетсек, бұған дейін басқарма басшысы Алматыда 218 медицина қызметкерінің қауіпті инфекцияны жұқтырғанын мәлімдеген еді. Оның
182-сі Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері, Балалар қалалық клиникалық жұқпалы ауруханасынан - 30, жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясының - 2 қызметкері, №1 клиникалық қалалық аурухананың 1 қызметкері және 11, 32 қалалық емханаларының 1 қызметкерден бар.
Қазір Алматыдағы стационарларда қауіпті індетті жұқтырған 311 адам емделіп жатыр. Жазылып шыққандар саны 58. Оның ішінде 56 ересек адам және 2 бала бар.
Сонымен қатар, провизорлық госпиталдарда 343 адам бар, оның 11 бала. Карантиндік оқшаулауда 419, үй карантинінде 7097 адам бар.