Алматыда төмен бағамен пәтер сатып алуға көмектесіп жүрген азаматша ұсталды

30 Сәуір 2019, 13:46
2622
Бөлісу:
Алматыда төмен бағамен пәтер сатып алуға көмектесіп жүрген азаматша ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі күні күдікті сол қылмыстық схема бойынша жүзеге асырған 3 эпизод дәлелденді. Тергеудің алдын ала деректері бойынша жасаған қылмыстық әрекеттердің саны оннан асуы мүмкін, деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі. 

«Күдікті - 1968 жылы туылған Г. есімді азаматша. Ол таныстары арқылы қаладағы тұрғын үйді төмен бағамен сатып алып бере алатынына сендірген. Қаскүнем пәтерлердің нарықтық құнынан төмен бағалануын банк кепілдіктегі мүлкін тез сату мақсатында осындай баға белгілегенімен негіздеген.
Ол өзінің «қызметтерін» таныстары арасында хабардар етіп, таратып жүрген. Ол «клиенттеріне» ұсынған баспана шынымен кепілге қойылған. Оның тұрғын үй мен жылжымайтын мүлік туралы ақпараттық базаға қалай қол жеткізгені беймәлім. Бұл тергеу барысында анықталады. Сонымен қатар, ол қылмыстық әрекеттерін жалғыз емес, көмекші сыбайласымен бірге жүзеге асырып жүрген деген күдік бар», - деді Әуезов ауданы ПБ басшысы, полиция полковнигі Алишер Турсунбетов.

Полиция полковнигінің айтуынша, күдіктінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккендердің саны оннан асуы мүмкін. Осыған байланысты, аталған адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, мына телефондар арқылы хабарласуларын сұрайды: 298-53-00; 298-53-01 және 298-53-02.


Алматыда төмен бағамен пәтер сатып алуға көмектесіп жүрген азаматша ұсталды


   

Өзгелердің жаңалығы