Алматыда тамыз айында 46 мыңнан астам адам вирус жұқтырған

3 Қыркүйек 2021, 16:24
18497
Бөлісу:
Алматыда тамыз айында 46 мыңнан астам адам вирус жұқтырған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Тамыз айында 46,9 мың адамнан коронавирус анықталды. 25 тамыздан бастап эпидемияның төртінші толқынының төмендеп, жағдайдың тұрақтанғаны байқалды. 

Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай қауіпті күйде қалып отыр. Жыл басынан бері коронавирустың 130,9 мың жағдайы тіркелген. 

25 тамыздан бастап эпидемияның төртінші толқынының төмендеп, жағдайдың тұрақтанғаны байқалды. Қала тұрғындары арасында ПТР зерттеулерінің оң нәтижесі 1665-тен 1200-ге дейін төмендеді. Бұл төмендеу қала тұрғындары арасында иммундық қабаттың 45 пайызға дейін қалыптасуымен байланысты. Оған қоса қаладағы шектеу шараларының пайдасы тиіп отыр, - деді Бекшин. 
Сонымен қатар ол қазір күніне 3 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырып жатқанын айтты. 

Вакцинаның І компонентін тұрғындардың 44 пайызы салдырған, яғни 878 мың адам. Ал ІІ компонентін халықтың 37,9 пайызы салдырған немесе 750 мың адам. Алдыда халықтың 70 пайызына вакцина салу немесе одан да жоғары деңгейге тезірек жеткізу міндеті тұр. 

Тұрғындар арасында ең көп ауыратындар 20-39 жас аралығындағы азаматтар, бұл контингент - 35%-ды құрайды. Ал 40-59 жас аралығындағылар – 24%, 60 жастан асқан қарт адамдар - 23%. Вирустың жұқтыру орындарын да сараптап отырмыз, мәселен соңғы аптада сауда орындарында жұқтыру - 33%-ды құраған, отбасындағы байланыста - 18%, қоғамдық көлік - 17%, базарда -13%, - деді Бекшин.
Өзгелердің жаңалығы