Алматыда сот орындаушысы соққыға жығылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Алматының Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде сот орындаушысы А.А. Ермековке қарсы шабуыл&nbsp;жасалған.</h4>

 5 Қазан 2021 2021, 12:37
5 Қазан 2021 2021, 12:37
8694

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде сот орындаушысы А.А. Ермековке қарсы шабуыл жасалған.

Шабуылдаушы сот орындаушысын буындырып, ғимаратты бұзуды тоқтатуды талап еткен.

Сот орындаушысының М.Н. Ысқақовты ұстау туралы өтінішіне полиция қызметкерлері әрекет етпеген.

М.Н. Ысқақовқа қатысты оқиға кезінде сот орындаушысына және басқа адамдарға қысым жасау мақсатында боксшы Жанқош Жасұланұлы Тұраров оқиға орнына келген.

Оқиға орнына келгеннен кейін сот орындаушысынан М.Н.Ысқақовқа қатысты полиция арызын алуды талап еткен.

Сондай-ақ Жанқош Тұраров бұл әрекетті заңсыздық деп санап, осы жайт үшін қорқытқан.

Наверх