Алматыда қоғамдық көлік жұмысының уақыты ұзартылды

20 Мамыр 2020, 14:51
2251
Бөлісу:
Алматыда қоғамдық көлік жұмысының уақыты ұзартылды

Алматы, BAQ.KZ. Қалалық автобус бағыттары 21 мамырдан бастап сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Бұл ретте жолаушылар бетперде тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда ғана қоғамдық көлікпен қатынай алады. Сондай-ақ автобус салонындағы жолаушылар саны отыратын орындардың санынан аспауы тиіс,-делінген хабарламада. 

Егер автобустағы барлық орындар бос емес болса, келесі автобусты күту керектігі айтылған. Жолаушылар ағынының айтарлықтай азаюына қарамастан, қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен күту аралығын қысқарту үшін қазір автобустардың 90% - ы жолға шығарылған. 
Сондай-ақ жолаушылар ағынының ұлғаюы байқалған бағыттарда автобустар саны артқан.
Санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылардың өздері жауапты екенін атап өткен жөн. СЭС қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық көлікте тексерулер ұйымдастырады,-делінген хабарламада. 

Ал,  қала маңы маршруттарының жұмысын қалпына келтіру әзірге жоспарда жоқ.



Өзгелердің жаңалығы