Алматыда коронавирус жұқтырған 40 бала ем қабылдап жатыр

18 Мамыр 2020, 16:35
1921
Бөлісу:
Алматыда коронавирус жұқтырған 40 бала ем қабылдап жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1848 жағдайы тіркелген. 

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, кеше қалада жаңадан 46 жағдай тіркелген. Оның 8-і жергілікті жағдай, 12-сі үйдегі инфекция ошағындағылармен байланыста болған азаматтар. Қалғандары қаладағы карантинді және провизорлы орталықта болған азаматтар. 

Осы уақытта қаладағы инфекциялық стационарда 929 адам емделуде. Оның 40-ы балалар. Ем қабылдап жатқан екі адамның жағдайы өте нашар, ауыр халде жатыр. 22 адамның жағдайы ауыр, 296 науқастың халі орташа ауыр, ал қалғандарында қанағаттанарлық. Олар симптомдары жоқ науқастар, - деді басқарма басшысы.  

Сондай-ақ, ол қала бойынша жазылып шыққан азаматтардың саны 910 адамға жеткенін, бүгін тағы 50 азамат ауруханадан шығару көзделіп отырғанын айтты. 

Провизорлық госпитальдарда 251 адам бар, оның 6-уы бала. Карантиндік оқшаулауда 260 адам, үй карантинінде 13 087 адам бақылауда, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы