Алматыда «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды

22 Қаңтар 2021, 11:48
1207
Бөлісу:
Алматыда «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қаласында «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылауға қатысты өткен отырыста айтты. 

Алматыда «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды

Алматы қай кезде де өзінің зиялы да зайырлы, саяси көзі ашық ортасымен ерекшеленеді. Сондықтан да, осы заңның жобасын ең алғашқылардың бірі болып өздеріңізбен талқылауды дұрыс санадық. Олай болса, ең алдымен сіздерді осы құжатты таныстырып шығайын. Содан соң талқылауға көшеміз, - деді ол. 
Алматыда «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды

Министр өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы азаматтық қоғам институттарын дамыту мақсатында қабылданған заңнамаға түзетулер пакетіне қол қойғанын айтты. 

Алматыда «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды

Оның ішінде қоғамдық институттың өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтетін «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға түзетулер де бар. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға енгізілген түзетулерді мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету жолындағы іс жүзінде ілгерілетуді атауға болады, - деді Балаева. 
Алматыда «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды

Министр бүгін кең талқылауға ашық жаңа заң ұсынылып отырғанын айтты. 

Алматыда «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды

Заң жобасы «Ашық НҚА» үкіметтік порталында және біздің ведомствоның сайтында жарияланды. Яғни, әрбір азамат өз пікірін білдіріп, ұсыныс бере алады. Айта кету керек, бұл жұмыс тобының барлық мүшесінің ұжымдық еңбегі, оған барлық мүдделі тарап, соның ішінде сарапшылар мен заңгерлер, құқық қорғаушылар, қоғам қайраткерлері кірді. Олардың негізгі ұстанымдары ескерілді, - деді министр. 
Алматыда «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды

Министр жұмыс тобының пікірінше, негізгі заң жалпы тәсілдерді баяндайтын негіздемелік сипатта болуы тиіс екенін жеткізді.

Себебі тетіктер бақылау саласының ерекшелігі ескерілетін тиісті салалық заңнамаларда жеткілікті түрде егжей-тегжейлі көрсетілген. Оған қоса, қоғамдық бақылаудың мемлекеттік институттардың тиімділігіне әсер ету деңгейі мен сипаты әлі де олардың қызметінің ашықтығы мен есептілігі қағидаттарына жеткілікті дәрежеде сай келмейді. Бұл, ең алдымен, құрылымдық заңның, сондай-ақ қоғамдық бақылау субъектілері де, объектілері де өз қызметінде басшылыққа алатын нақты заңмен реттелетін нормалардың болмауына байланысты. Сондықтан «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасының мақсаты жалпы қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін құру болуы тиіс деген ортақ пікірге келдік, - деді Аида Балаева.
Алматыда «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы талқыланды
Өзгелердің жаңалығы