Алматыда қандай сауда үйлерінде вакцина салынатыны белгілі болды

2 Сәуір 2021, 16:54
2538
Бөлісу:
Алматыда қандай сауда үйлерінде вакцина салынатыны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицина Орталығының басшысы Лаура Мырзағали онлайн брифинг барысында қаладағы қандай сауда үйлерде екпе салу жұмысы жүргізілетінін айтты.

Алатау ауданында «Бақ орда» сауда үйі, Әуезов ауданында «Спутник», «Гранд парк», «Мәскеу», «Алматы молл», «Азия парк» сауда үйлері, Бостандық ауданында «Мега Алматы» орталығы, «АДК» сауда үйі, «Есентай молл», «Форум», «Алматы», «Атакент молл» сауда үйлерінде, Жетісу ауданында «Максима», «Адэм», «Мерей» сауда үйлері. Ал Медеу ауданында «Достық плаза», «ГУМ» сауда үйлері. Түрксіб ауданында «Мак» және тағы басқалары, - деді ол.

Оның айтуынша қалада жалпы 31 сауда үйінде екпе салу жұмысы жүргізілмек. 

Сәуір айынан бастап қала коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу басталады. Алдағы уақытта қалаға үлкен мөлшерде вакцина дозасы жеткізіледі. Қазір соған дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір қаланың емханалары екпе салу бойынша база жасап жатыр, яғни созылмалы тұрған адамдардың тізімін және кімнің екпеге қарсы белгілері барын анықтауда, - деді Лаура Мырзағали.
Айта кетейік, Алматыда жұртшылықты вакцинациялау бойынша арнайы жоба әзірленді.
Өзгелердің жаңалығы