Алматы, BAQ.KZ. Алматы полиция департаменті аталған сауда үйдің неліктен қоршауға алынғанын түсіндірді.
Департамент таратқан мәліметке сүйенсек, құқық қорғау органдарына Алматыдағы фаст-фудтардың бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарланған.Мұндай фаст-фудтың бірі Esentai Mall сауда үйінде орналасқан. Қазір бұл мәлімет бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, барлық жедел әрекет ету қызметтері бұл іс бойынша жұмыс істеп жатыр,-делінген хабарламада.
Кейінен Esentai Mall сауда үйінде жарылғыш зат табылмағаны айтылды. Енді қаладағы басқа тамақтану орындары тексеріліп жатыр.