Бас жаңалықтар
Алматыда эпидахуал ушығып тұр
26 Шілде 2021, 12:45 651

Алматыда эпидахуал ушығып тұр

Алматы, BAQ.KZ. 25 шілде күні Алматыда 1219 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның 1094-інде симптомдық белгілер бар және 125-і - симптомсыз. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен тәулікте қала стационарларынан 178 науқас емделіп шығарылса, 372 адам жаңадан келіп түскен.
Инфекциялық стационарларда 3 923 адам бар, оның 238-і - бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 250 науқас бар. ӨЖЖ аппаратында – 31, инвазивті емес ӨЖЖ – 94, High flow аппаратына 89 адам қосылған, - делінген хабарламада.
БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 7 403 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 6960, симптомсыз 443 науқас бар.
Сондай-ақ өткен тәулікте қаласы бойынша 2 250 адам вакцина салдырған. Жалпы вакцинаның 1-компонентін 680 722 адам салдырған. Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 95 813 адам, - делінген хабарламада. 

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 212 вакцинация пункті жұмыс істейді. 308 вакцинация бригадасында 1 260 медицина қызметкері жұмылдырылған.


Фото: дереккөз
Загрузка...