Алматыда екі қабатты үй өртенді

13 Тамыз 2021, 13:38
5291
Бөлісу:
Алматыда екі қабатты үй өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Қаланың Жетісу ауданында түнде өртенген үйден 4 адам құтқарылды. Бұл туралы қалалық ТЖД-і хабарлады.

13 тамызда түнгі сағат 02: 58-де Алматы қаласы ТЖД 101 пультіне Жетісу ауданы, Ақтолқын көшесі, 12-үйде тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. ТЖД күштері оқиға орнына жеткенде 2-қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 300 ш. м. ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.

Өрттің тез таралуына хабарламаның кеш келіп түсүі және 1943 жылы салынған ғимараттың ағаш құрылымы (ағаш қалқалар, ағаш төбе жабындылары) ықпал еткен. Тұрғын үйдің барлық қабатында қою түтіннен эвакуация жолдары жабылып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді.

Жапсарлас орналасқан пәтерлерді қорғау үшін дереу өрт сөндіру оқпандары берілді. Барлау және өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер 3 тізелік баспалдақ арқылы 4 адамды құтқарды. Олар - 52 жастағы ер адам және 10 жасар бала, 36 және 55 жастағы екі әйел адам. Сондай-ақ өрт оқиға орнында 56 жастағы әйел адам жарақат алды. Зардап шеккендер дереу қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды, қазір олар дәрігерлердің бақылауында, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 43 адам, 12 бірлік техника жұмылдырылған. Қабылданған шаралармен үй тұрғындарының, сондай ақ 4 адам өмірін сақтап қалды. 

Өрт сағат 03:54-те ауыздықталып, таңғы 04:17-де толығымен жойылды.

Түнгі демалыс уақытында Алматы қаласы ТЖД тұрғындарға электр құралдарын, зарядтау құрылғыларын, теледидарларды сөндіруді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы