Бас жаңалықтар
Алматыда қазақ тілінің жаңа әліпбиі талқыланып жатыр
06 Қараша 2019, 11:45 1398

Алматыда қазақ тілінің жаңа әліпбиі талқыланып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда "Қазақ тілінің жаңа әліпбиі: Тіл мамандарының ортақ тұжырымы" атты ғылыми тәжірибелік конференция өтіп жатыр. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіру керек"  деген тапсырмасын орындау мақсатында өтіп жатыр. 


Тіл мамандарының бұрыннан 20-30 жылдан бері ұсынып жүрген жобасы біреу. Тіл білім институтының жобасы  2016 жылы кітапқа тас болып басылып шыққан. Елбасының жарлығымен президент әкімшілігінің қаулысымен құрылған жұмыс тобының ұсынысы, Түркі академиясының ұсынысы және көптеген конференциялардың қортындысы бір жобаны ғана ұсынып отыр. Сырттан дау-дамай көп сияқты көрінеді. Ол жерде тіл мамандары дауласып жатқан жоқ. Өйткені қазақша ойлайтын, сөйлейтін қазақ тілін кәсіпке айналдырған мамандардың арасында ешқандай дау жоқ. Бәрі анық, өйткені біз тілімізді өзгерте алмаймыз, - дейді Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек. 

Аталған жиынға Халықаралық Түркі академиясы, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы және еліміздегі жетекші оқу орындарының тіл мамандары қатысып жатыр.

Фото: автордан
Загрузка...