Алматыда 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады

6 Мамыр 2020, 10:32
2064
Бөлісу:
Алматыда 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады
Фото: дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы жаңа Жол картасын іске асыру мақсатында Алматыда 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орыны ашылатынын және ондағы орташа жалақы 120 мың теңге көлемінде болатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша,  президенттің тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет қаулысымен "Жұмыспен қамту жол картасы" қабылданған. Соны іске асыру аясында Алматыда 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 

Қазіргі таңда байқау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік-мәдени нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеу, жаңарту жұмыстары бар. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандарын күрделі, орташа және қайта жаңарту. Инженерлік көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту. Елді мекендерді абаттандыру секілді жобалар, - деді ол. 
Сонымен қатар, ол "Жұмыспен қамту жол картасы" аяқталған соң жаңадан салынған нысандарда 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылатынын айтты. 
Жол картаны іске асыру мақсатында Алматыда 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Орташа жалақы 120 мың теңге көлемінде тағайындалады. Жұмыс орындары әсіресе құрылыс саласы бойынша ұсынылады. Қазір осы жұмыс бойынша құжаттарды қабылдау жүріп жатыр,-дейді Данияр Әлкебайұлы.  
Толық апарат алу үшін Жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет. Осы уақытқа дейін жұмыс бойынша 6400 адам түйіндемесін өткізіп үлгерген. Оның 700-ден астамы құрылыс нысандарында жұмыс істегісі келетінін көрсетіпті. 
Осы "Жол картаның" аясында 12 жоба бойынша  468 жаңа жұмыс орны құрылды. Тұрақты жұмысы жоқ деп тіркеуде тұрған 38 азамат жұмысқа тұрды. Егер құрылыс саласында жұмыс істеймін дейтін азаматтар болса Жұмыспен қамту орталығына хабарласып немесе түйіндемелерін электронды түрде жібере алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы