Алматыда 25 мамырдан бастап ХҚКО мен бірқатар сауда орындарының жұмысы іске қосылады

22 Мамыр 2020, 17:03
1744
Бөлісу:
Алматыда 25 мамырдан бастап ХҚКО  мен бірқатар сауда орындарының жұмысы іске қосылады
Фото: дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, 25 мамырдан бастап қаладағы ХҚКО, азық-түлік базарлары мен бірқатар сауда орындары ашылады. Олардың барлығы тек санитарлық талаптарға сай болған кезде ғана жұмысын іске қоса алады. 

Қалада 16 және мамандандырылған 5 ХҚКО бар, яғни 11 мыңдай адам жұмысқа шығады. Жұмысшылардың қауіпсіздігі мекеменің мойнында, - деді ол.

Сонымен қатар, ол қаладағы 23 азық-түлік базардың 13-ші бұған дейін жұмыс істеп келгенін, енді қалған 10 базар біртіндеп іске қосылатынын айтты. 

Азық-түлік сатпайтын 29 базар бар, оларды 1 маусымнан бастап қана ашу қарастырылған. Сондай-ақ қалада 128 ойын-сауық орталығы бар, оларды да 25-ші мамырдан бастап ашу жағы қаралып жатыр. Карантинге дейін жұмыс істеп келген 900 мыңнан астам адамның қазір 500 мыңдайы жұмысқа кірісті, - деді Оразалин. 

Басқарма башысы сауда қаладағы ең үлкен сала екенін және онда 230 мыңдай адам еңбек етіп жатқанын айтты. Өткен аптадан бері саудада жұмыс істейтін 150 мыңдай адам өз жұмысына оралған. Қалғандары алдағы уақытта шықпақ.

Өзгелердің жаңалығы