Алматы әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр

10 Қаңтар 2019, 09:52
4058
Бөлісу:
Алматы әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр

Астана, baq.kz. Алматы халықаралық әуежайында алты рейс кешікті.

Кешіккен рейстер ішінде сағат 6.30-да Астанаға ұшуы тиіс болған SCAT Airlines компаниясының DV 703 рейсі бар. 

Таңертең сағат 6.35-те Мәскеуге ұшады деген Air Astana KC 871 рейсі де кешігіп жатыр. 

Бұдан бөлек Bek Air әуекомпаниясының 2100 борты сағат 7.05-те Астанаға ұшпады. 

Астанаға сағат 7.10-да ұшуы тиіс Air Astana компаниясының KC 9510 рейсі жөнелтілген жоқ.

Дәл осы әуекомпаниясының сағат 7.50-де Делиге ұшуы тиіс KC 907 рейсі кестеге сай әуеге көтерілген жоқ. 

Air India компаниясының сағат 7.50-ге жоспарланған Дели бағытындағы AI 6520 рейсі де кешігіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы