Алматы тауларында жоғалған туристің денесі табылды

12 Ақпан 2021, 17:43
1796
Бөлісу:
Алматы тауларында жоғалған туристің денесі табылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 ақпан сағат 14:30-да іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде «Шымбулачка» шатқалында 1981 жылы туған ер адамның жансыз денесі табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Кешелі бері құтқару операциясы ауа райының нашарлығына байланысты жаяу тәулік бойы жүргізілді. Сондай-ақ «Қазавиақұтқару» мекемесінің КА-32 әуе борты да іздестіру жұмыстарына әзірленді. Алайда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты тікұшақ әуеге көтерілмеді. 

Іздестіру жұмыстарына ТЖМ Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі халықаралық орталықтың ұшқышсыз басқару аппараты (дрон) қолданылды. Дрон теңіз деңгейінен 5 мың 300 метрден астам биіктікке 5 мәрте көтерілген. Кезекті іздестіру барысында дрон адамның құлаған ізін көрсетті. Осы арқылы құтқарушылар жоғалған адамның болжамды іздестіру аумағын белгілеген. Кейін альпинистік жабдықтар мен жіптерді қолдана отырып, құтқарушылар шатқалға түсті. Көшкін қаупіне қарамастан, қазір зардап шегушіні тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Мәйітті тасымалдау шамамен 3 сағаттан астам уақытты алуы мүмкін, - деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнында ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, «109 құтқару қызметі», Апаттар медицинасы орталығының құтқарушыларынан Алматы қаласы ТЖД жедел штабы құрылды. ТЖ және дүлей зілзалалардың қаупін азайту орталығының өнеркәсіптік ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

Осылайша, құтқару операциясына барлығы 70 құтқарушы, 12 техника жұмылдырылды.

Осыған дейін Алматы қаласы ТЖД қала тұрғындарын қар көшкіні қаупі жайында ескерткендігін атап өткен жөн.

ТЖМ тауларда түнгі уақытта соқпақсыз жолдармен жүруге болмайтындығын ескертеді. 

Тауға жалғыз шығу сіздің өміріңіз үшін қауіпті. Белгіленген жерге шықпас бұрын бағытыңызды мұқият жоспарлаңыз. Таудағы ауа райы болжамымен танысуды ұмытпаңыз. Дауылды ескертулерге құлақ асыңыз. Жол қысқарту үшін білмейтін соқпақтармен жүрмеңіз. Жақындарыңызға баратын бағытыңыз туралы хабарлаңыз және оны өзгертпеңіз. Өзіңізбен бірге байланыс құралдарын алған жөн. Қажет болған жағдайда жақындарыңызға орналасқан жеріңіздің геолокациясын жіберіңіз. Төтенше жағдайға тап болсаңыз, өзіңіздің орналасқан жеріңіздің геолокациясын жіберген жерде болуға тырысыңыз. Төтенше жағдай туындаған сәтте 112 нөміріне қоңырау шалыңыз, - деп атап өтті ведомство.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы тауларында ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы