Алматы облысында қарақшы әжесіне араша түскен 9 жасар немересін пышақпен жарақаттады

13 Шілде 2021, 21:00
4044
Бөлісу:
Алматы облысында қарақшы әжесіне араша түскен 9 жасар немересін пышақпен жарақаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 шілде күні Космос ауылында қорқынышты қайғылы жағдай болды. 53 жастағы ер адам тонау кезінде зейнеткерді өлтіріп,  әжесін құтқаруға тырысқан немересін пышақпен жарақаттап кеткен.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі аса қауіпті қылмыс жасады деген күдікпен Талғар ауданының 53 жастағы тұрғыны ұсталғанын хабарлады.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары оның түрлі қылмыстар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталғаны туралы ақпаратты растады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Адам өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Зардап шеккен бала Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына жатқызылды.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2012 жылы туған науқастың жағдайы тұрақты.

Динамикасы жақсы, есін біледі, өздігінен тыныс алып жатыр, ешқандай аппаратқа қосылмаған, гемодинамикасы тұрақты, - деп түсіндірді УОЗ.

Instagram-дағы gres_big_family тобында оқиғаның қалай болғаны туралы баяндалған. 

Пост авторының айтуынша, ұсталған ер адам бұрын анасын өлтіргені үшін сотталған. 25 жыл түрмеден кейін ол ауыл тұрғынымен азаматтық некеде тұрған. 

Сол күні ол 63 жастағы зейнеткерден ақша сұрауған. Зейнеткер ақша бермеген соң, кетіп қалған, бірақ содан кейін пышақ алып келген.

Ол баланың әжесін пышақтап өлтіріп, бала әжесін қорғай бастағанда, оған да пышақ сілтеп жіберген, - деп жазады жәбірленушінің көршісі.

Алған жарақатына қарамастан, бала үйден қашып шығып, көмек шақыруға үлгерген. Ол ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, әжесін құтқарып қала алмаған. Әйел бірінші соққыдан қайтыс болған.


Өзгелердің жаңалығы