Алматы облысында кәсіпкерлер үшін call center іске қосылды

11 Тамыз 2020, 10:17
2049
Бөлісу:
Алматы облысында кәсіпкерлер үшін call center іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин жағдайы экономика салаларының ішінде шағын және орта бизнеске де біраз қиындықтар туғызды. 

Сондықтан Алматы облысының әкімдігі карантиннен кейін шағын және орта бизнес қызметін кезең-кезеңімен қалпына келтіру алгоритмін түсіндіру үшін және қажетті кеңес беру үшін арнайы сall орталығын құрды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шағын және орта бизнес нысандарын кезең-кезеңімен ашу 17 тамыздан басталады деп жоспарланып отыр. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, кәсіпкерлердің өтінімдері infokazakhstan.kz сайты арқылы биылғы жылдың 11-12 тамызында қабылданады.

Кәсіпкер алдымен сайтта ЭЦҚ арқылы өз объектісін тіркеуден өткізуі қажет. Құрамында әкімдік, СЭҚ, өңірлік кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері және қоғам өкілдері бар комиссия тексергеннен кейін бизнес субъектілеріне қызметін қайта бастауға тиісті рұқсат берілетін болады.

Өтінім берер алдында кәсіпкер "Маңызды ақпарат" бөліміне өтіп, қызмет түріне сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен танысып, өз ұйымын талаптарға сай келтіруі керек.

Алматы облысының Call center: жұмыс 8(7282)32-95-14; 8(7282)40-10-24; ұялы байланыс: +77714677779; +77772391014; +77014512521; +77075631346.

Өзгелердің жаңалығы