Алматы әкімдігі бейбіт митинг өткізуге рұқсат берген

26 Маусым 2019, 17:35
2132
Бөлісу:
Алматы әкімдігі  бейбіт митинг өткізуге рұқсат берген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бейбіт митинг қаладағы Сарыарқа кинотеатрының артында өтеді.

Бұған дейін қоғам белсендісі Әлнұр Ильяшев Алматы қаласының әкімдігі оның бейбіт митинг өткізу жөніндегі арызын қанғаттандырғаны туралы мәлімдеген болатын.

Қоғам белсендісі бейбіт митинг өткізу жөнінде 36 рет арыз жазып, ақыр соңы Алматы полиция департаментіне барып өзін тұтқындауды талап еткен. Тұтқындамаса 30 маусым күні бәрібір митингке шығатынын мәлімдеген. Полиция оны кері қайтарған. Кейін ол әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласы әкімдігі 30 маусым күні бейбіт жиналыс өткізу туралы арызын қанағаттандырғаны туралы жазды.

Осы бейбіт митинг туралы ақпарат алу үшін Алматы қаласы баспасөз қызметіне хабарласқанымызда ондағылар митингтің өтетінін растады, алайда қандай мақсатта өтетінін білмейтіндіктерін айтты.

«Митинг өткізуді сұраған жігітке рұқсат берілгенін білеміз, алайда оның қандай мақсатта өтетінінен хабарымыз жоқ. Бейбіт митинг Сарыарқа кинотеатрының артындағы гүлзарда сағат 10.00-12.00 аралығында өткізіледі», - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Әлнұр Ильяшев фейсбуктегі өз парақшасында бейбіт шеру жайлы жаза отырып, оның тақырыбында көрсеткен.

«Бейбіт митингтің тақырыбы: Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт митингі, жиналыс өткізу туралы Конституциялық құқығын жүзеге асыру немесе бейбіт шеру жөніндегі бейбіт шеру», - деп жазды ол.


 

Өзгелердің жаңалығы