Алматы көшелерінде есірткі жарнамаланып келген

20 Қараша 2019, 18:16
3404
Бөлісу:
Алматы көшелерінде есірткі жарнамаланып келген

Алматы, BAQ.KZ. Facebook әлеуметтік желісін қолданушы Әсем Жәпішева есірткі сатушылары көшедегі баннерлерді жарнама ретінде пайдалан бастағанын жазды.

Оның жазуынша, көшедегі бірнеше жарнама баннерінде есірткі заттарын сататын сайт пен QR коды көрсетілген.

Баннерде есірткі заттарын сататын сайт пен QR-коды көрсетілген. Оған кіру арқылы мефедрон, кристалл және өз таңдауыңа қарай стаффты сатып алуға болады. Сондай-ақ, баннерді ілген адамдар байқау өткізіп, ұтысқа айфон мен өзге де заттарды тігуде. Байқау шарты бойынша – баннер алдында фотоға түсіп, оны өз парақшаңда жариялайсың және бірнеше досыңды белгілейсің. Яғни, әдеттегі байқаулар сияқты жасайсың. Дегенмен бұл ешқандай фитнес орталықтың байқауы емес, есірткі саудалаушылардың ұйымдастырғаны, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. 

Сонымен қатар, ол Алматы Жарнама мекемесі бұған жауапты емес екенін, тек Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы жауап беретінін де жазды.

Қазір қалада бұл баннерлер жоқ, олар бірнеше күн ғана тұрды. Оны жарнама ілетін адамдар растай алады. Ол Алматыдағы Абай мен Қонаев, Достық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында тұрды, - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол мұндай жарнамалардың тек Алматыда ғана емес, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Шымкент, Қарағанды қалаларында, тіптен Өзбекстан мен Қырғызстан көшелерінде де ілінгенін жазды. 

Адамдардың барлығы тіркелген компания Ресейде орналасқан және 2005 жылдан бері еш алаңсыз жұмыс істеп келе жатыр. Ондайларды ешкім ұстағысы келмейді, ал Алматыда қандай затты болмасын сатып алу еш қиындық тудырмайтын болды. Енді олар ресми түрде жарнамаланып жатыр, - деп жазды Әсем Жәпішева өзінің парақшасына. 

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы жарнаманың алғашқы нобайында QR-код тиым салынбаған сайттарға апарғанын айтты.

Жаранма ілінген соң сайттағы ақпараттарды ауыстырған болу керек. Бұл іс бойынша барлық құжатар құқыққорғау органдарына берілді, баннерлер алынды. Тергеу жүріп жатыр, - деп мәлімдеді ведомствадағылар.
Өзгелердің жаңалығы