Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының Қонаев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында құбырдан аққан су қала көшелеріне жайылуда.
Оқи отырыңыз:
Қазан айының 15 күні Алматыдағы Maxima сауда орталығының аумағында құбыр жарылып, аспанға атқылаған судың диаметрі 50 сантиметрге жеткен еді.
Сондай-ақ қазанның 14 күні Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында да құбыр жарылған болатын. Ол кезде көліктер тоқтап, адамдар темір тұлпарының үстіне немесе биік жерлерге шығып, бас сауғалан еді.
