Алматы цифрлық даму жағынан Мәскеуден кейінгі орында

8 Маусым 2021, 15:37
1845
Бөлісу:
Алматы цифрлық даму жағынан Мәскеуден кейінгі орында

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев онлайн брифинг барысында айтты.

Қоңырбаев төрт жыл ішінде «конъюнктурадан» «қайталануға» дейін өскен «цифрлық даму» деңгейі туралы айта келе, Алматы цифрлық даму жағынан Будапешт, Ташкент пен Бакуден алда екенін айтты. Оның айтуынша, цифрлық даму сандық шешімдерді енгізу деңгейінің негізгі көрсеткіші.

Цифрлық трансформация бұл жаһандық өзгеріс. Оның басты міндеті цифрлық дамудың барлық салада жоғары деңгейде болуы. Сондықтан цифрлық трансформация процесі сәтті болады, - деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ ол «Ақылды қала» бағдарламасы іске асырылып жатқанын жеткізді. International Data Corporation (IDC) Халықаралық ақпараттық-талдау агенттігі Алматының «Ақылды қала» ретінде жетілгенін оң бағалаған.

IDC әдіснамасы 5 өлшем бойынша 19 критерийді қамтиды: пайымдау, мәдениет, процестер, технологиялар, деректер. Қорытынды баға әр критерий үшін арифметикалық орта ретінде есептеледі және 0-ден 5-ке дейін өзгереді. Бағалау нәтижелері бойынша 2021 жылы Алматы 5 балдан 2.7 балл жинады. 2017 жылмен салыстырғанда қала «Конъюнктуралық» деңгейінен «қайталанатын» деңгейіне ауысып, нәтижені жақсартты, - дейді IDC халықаралық ақпараттық-талдау агенттігінің вице-президенті Андрей Беклемишев.


Өзгелердің жаңалығы