Алматы әкімі аккаунтарына қала тұрғындары қалдырған проблемалық орындарға барды

21 Шілде 2019, 13:54
1996
Бөлісу:
Алматы әкімі аккаунтарына қала тұрғындары қалдырған проблемалық орындарға барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындары шағымданған проблемалық орындарға барып көрді. Бұл туралы қала басшысы өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

WhatsApp Image 2019-07-21 at 13.02.03.jpeg

"Бүгін менің аккаунтарыма қала тұрғындары қалдырған проблемалық орындарға шықтым. Наурызбай ауданы, Ақжар ықшамауданы. Молдағұлова көшесі (Мақаншы – Жабай), Жауқазын. Көтерілген мәселе орынды. Ауызсу, жарық, жол, тұрақты қоғамдық көлік қатынасы – халықтың өмір сапасын жақсартуға негізделген. Барлық мәселе бір-бірімен байланысты. Мәселені рет-ретімен шешу міндеті тұр. Біріншіден, ауызсу мәселесі, яғни орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосу. Екіншіден, көшеге жарық қою керек. Үшінші мәселе, желілерді төсеу бойынша жер қазу және құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған соң жол мәселесі ретке келтіріледі", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында

Оның сөзінше, барлық мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. Басымдық ауызсуға беріледі.

Өзгелердің жаңалығы