Алкогольді кассалық аппаратсыз сататындарды лицензиясынан айыру керек – депутат

28 Қаңтар 2019, 14:00
1908
Бөлісу:
Алкогольді кассалық аппаратсыз сататындарды лицензиясынан айыру керек – депутат

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте «Салықтық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық  технологиялар» тақырыбында үкімет сағаты өтті. Жиында алкогольді кассалық аппаратсыз сату мәселесі көтерілді.

Мәжіліс депутаты Альберт Рау алкогольді кассалық аппаратсыз сататын кәсіпкерлерді лицензиясынан айыруды ұсынды.

«Мақсатымыз қандай? Көлеңкелі айналымды азайту. Ал алкоголь нарығында бұл тіптен жақсы көрініс тапқан. Әкімшілендіруді күшейттік, көлеңкелі айналымды бірнеше есе азайттық, отандық тауар өндірушілерді құрдымға кетірдік. Қазір ондағаны ғана қалды. Бұлай әкімшілендіру оңай, бірақ міндет шешілген жоқ қой. Сарапшылардың мәліметінше, Қаржы министрлігі де бұнымен келісіп отыр, алкоголь нарығының 50 пайызына дейін әлі де көлеңкелі айналымда. Бұған біздің сауданың ерекшелігі әсер етіп отыр. 90 пайызға дейін – үй жанындағы дүкендер, ол жерлерде кассалық аппараттардың енгізілу деңгейі өте төмен», - деді Альберт Рау. 

Депутаттың айтуынша, салығын уақытында төлейтіндерден заңмен белгіленбеген уақытта алкоголь сатып алғың келсе, оларда касса жұмыс істемейді. 

«Әрине, ондайда тұтынушы салық төлемейтін сатушыға бара салады. Кассалақ аппарат орнатуға уақыт жеткілікті берілді. Қазір тіпті аппараттарды сатып алмай-ақ, смартфонға жүктеп алуға болады. Сондықтан, 1 маусымнан кейін кассалық аппарат орнатпағандарды лицензиясынан айыру керек», - деп мәжілісмен ұсыныс жасады
Қымбат Елтайқызы 
Өзгелердің жаңалығы