AliExpress поштасымен тағамдарды алуға болмайды – ДСМ

24 Қаңтар 2020, 18:14
2399
Бөлісу:
AliExpress поштасымен тағамдарды алуға болмайды – ДСМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. AliExpress поштасы арқылы Қытайдан тарап жатқан коронавирусты жұқтырып алу қауіпі бар ма? Бұл сұраққа денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин ҚР сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг кезінде жауап берді. 

 ‎AliExpress поштасымен тағамдарды алуға болмайды. Неге десеңіз, әрбір тағамдардың өздерінің сақтау мерзімі бар. Өршіп тұрған коронавирус +37 градуста сақталады. Бұл вирус жануарлардың ішінде, яғни ағзасында сақталып жүреді және көбейеді. Сонда өмір сүреді деп айтуға болады. Сондықтан сыртқы қоршаған ортада бұл вирус тұра алмайды, тез жойылады. Сол себепті қорқыныш жоқ. Бірақ, бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын AliExpress-пен тағамдарды тапсырыс беріп алуға болмайды, - деп мәлімдеді тілшілерге 10 минутын бөлген Бас санитарлық дәрігер. 
Жандарбек Бекшиннің айтуынша, поштамен жолданатындардың сапасы тексеріліп жатқан жоқ. Себебі, қолданыстағы заңға сәйкес поштамен жолданатын тауарлардың биологиялық қауіпсіздігі тексерілмейді. Олар тек радиациялық қауіпсіздік бақылауынан ғана өтеді. 
Қазіргі таңда коронавирустың қарым-қатынаста адамнан-адамға жұғатыны дәлелденді. Бірақ ол үшін вирустың үлкен концентрациясы болуы керек. Дегенмен,қауіпі өте жоғары. Қазіргі біз жасап жатқан оқшаулау және алдын алу шаралары бұл инфекцияға жол бермеуге арналған, - деп түсіндірді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин.
Осыған дейін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Уханьда 98 қазақстандық студент өз еркімен қалып қойғанын айтқан еді. Коронавирустың ошағына айналған Ухань қаласында 230 қазақстандық студент тіркелген. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі карантиннің енгізілуіне байланысты Бейжіңде тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі ашты. Байланыс телефондарын елшіліктің немесе министрліктің веб-сайтынан алуға болады. 





Өзгелердің жаңалығы