Әлеуметтік идея авторлары грант ала алады

5 Қазан 2021, 12:11
2735
Бөлісу:
Әлеуметтік идея авторлары грант ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 қазанда жас кәсіпкерлер арасында әлеуметтік жоба авторларының әлеуетін ашуға және қолдауға бағытталған «3.2.1. Старт!» жобасының жетінші маусымына өтінімдерді қабылдау басталады.

Қатысушылар оқытудың мазмұнды инкубациялық бағдарламасынан өтеді, содан кейін үздік идея авторлары өз бастамаларын іске асыруға грант алу мүмкіндігіне ие болады.

Жоба авторлары БҰҰ-ның тұрақты дамуының 5 жаһандық мақсатының біріне қол жеткізуге өз үлесін қосуы керек: сапалы білім, таза су және санитария, арзан және таза энергия, жауапты тұтыну және өндіріс, климаттың өзгеруіне қарсы күрес.

Қамқор әлеуметтік бастамашыл жастар шетте қалмайды және өздерінің шығармашылық идеяларын ұсына отырып, әлеуметтік жобаларға белсенді қатыса алады. Ондай бастамашыл жастар біздің еліміздің дамуын ілгерілетіп, жақсы бағыттарға өзгерте алады. Алты жылдан астам уақыт бойы CCI Қазақстанның басым міндеттерінде – Қазақстандағы жастардың неғұрлым дарынды өкілдерін әлеуметтік кәсіпкерлікке тарту, оқыту және оларға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуға көмектесу, – деп атап өтті Coca-Cola Icecek Kazakhstan корпоративтік қатынастар жөніндегі директоры Алима Исембаева.
Парламент Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов бизнестің дамуына мүмкіндік беру керегін айтты.
Мемлекет, қоғамдастық және бизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бірлесіп жұмыс істеген кезде тепе-теңдікті сақтап отырса, алтын үшбұрыш түзеледі. Сондықтан бизнеске өз үлесін қосу, әлеуметтік жобаларға инвестиция салу, жастардың дамуына мүмкіндік беру керек деп санаймын, – деп атап өтті Елдос Абақанов.
«Атамекен» ҰКП сауда және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры кәсіпкерлерді ақпараттандыру жүзеге асырылатынын айтты.
Біз кәсіпкерлерді ақпараттандыру үшін барлық гранттық бағдарламаны бақылап отырамыз. Жобаны қолдай отырып, одан жастар өз бастамаларын жетілдіруде. Жоба туралы ақпараттандыру және кеңес беру жұмыстары 190 ауылдық елді мекендегі және 19 облыс орталығындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады, – деп атап өтті Әсет Айтбаев.
«3.2.1. Старт!» жобасы» – CCI Қазақстан компаниясының бастамасы бұл ел мәселесіне бей-жай қарамайтын жастар үшін, өз ұстанымы мен мәселелерін шешудегі жаңа тәсілдер туралы мәлімдеуге, сондай-ақ ұлттық мақсаттарды іске асыруға мүмкіндік болды.

Өзгелердің жаңалығы